«Тіршілік химиясы» Мектеп компоненті 2015-2016 оқу жылы Түсінік хат



Скачать 263.74 Kb.
страница1/7
Дата10.01.2019
Размер263.74 Kb.
Название файлаТіршілік химиясы.docx
  1   2   3   4   5   6   7

«Тіршілік химиясы»

Мектеп компоненті

2015-2016 оқу жылы

Түсінік хат

           Жалпы білім беретін мектептің жоғары сатысында бағдарлы оқыту жаппай енгізілді. Осыған байланысты оқушыларға мектеп қабырғаларында болашақ  мамандық бағытын таңдау  қажеттілігі туады.  

Химия пәнін  оқып  -үйренгенде  есептер шығарып, жаттығулар орындаудың  маңызы  өте  зор. Есеп шығарып, жаттығулар  орындау білімді  тексеру ғана емес, сонымен қатар  оқушыларды  өздігінен  ізденуге де  дағдыландырады. Оқулықтардың теориялық білімін баянды етуде, ой өрісін кеңейтуде химиядан сандық есептеу шығарудың маңызы зор, сондықтан бұл бағдарламада есептер теориялық материяға негізделеді, сандық мәліметтер пайдаланылады.                                             

       Курстың маңыздылығы

           Химиялық есептер шығару арқылы оқушылардың ой-өрісін артады, теориялық білім мен тәжірибе арасындағы байланысты жүзеге асырылады, оқушылардың химиялық қисынды ойлауын өрістеу, білімдерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік жасайды, табандылық, іскерлік, ізденгіштік, еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады, оқушылардың танымдық және интеллектуалдық қабілеттерін да- мытады, оқушының жеке қызығу мүмкіндіктерін ашады.

Міндеттері: Жаттығулар мен есептер шығару барысында оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық қабілетін, химия пәніне қызығушылығын арттыру; Өздігінен істейтін жұмысты орындаудың әртүрлі әдістеріне үйрету және салыс тыру нәтижесінде «қорытынды жасау, логикалық ойлау дағдысын» қалыптастыру; Оқушының жеке интеллектуальды дамуы, бойындағы мүмкіндік деңгейін анықтау, жалпы рухани дамуын, танымдық белсенділігін арттыру, шығармашылық әрекетін дамыту.                         

 Оқу процесін ұйымдастыру

Курс бойынша оқу үрдісін ұйымдастыруда келесі негізгі принциптер енгізілді: Курсқа қызығушылықты арттыру; Белсенді қатысу; Еркіндік және диалогқа дайындық; Өз ойына сеніммен қарау.

 Әдістер:Зерттеушілік – ізденіс; Есептер шығару, талдау

Жұмыс түрлері: теориялық сабақтар  (дәрістер), есептер шығару.

Бағалау барысы: Материалдың дұрыстығы, әрі сапалы баяндалу; Ұғымдар мен заңдылықтардың толық ашылуы; Химиялық терминдердің , формулалардың дәл қолданылуы; Дербес жауап; Материалдық логика; Дәлелді баяндау және өзіндік икемділік. 





Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7


База данных защищена авторским правом ©nedocs.ru 2017
обратиться к администрации

    Главная страница