Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Э. Е. Абдинова 2014 ж



Скачать 455.42 Kb.
страница1/3
Дата05.12.2018
Размер455.42 Kb.
Название файла2015 ж. Жоспары Тараз.doc
  1   2   3

Бекітемін:_____________

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық

әмбебап ғылыми кітапханасының

директоры Э.Е.АБДИНОВА

«_____ » «_________________ » 2014 ж.

ОҚУ ЗАЛЫ СЕКТОРЫНЫҢ 2015 ЖЫЛҒЫ ЖОСПАРЫ

Тараз 2014ж.



І.Оқу залы секторының 2015 жылға арналған жұмыс жоспарын айқындайтын міндеттері

Кітапхана - ғасырдан ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей келе жатқан, шырағы биік парасаттылық пен біліктіліктің киелі ордасы. Бүгінгі кітапхана - білім бұлағы мен тәрбиенің қазығы. Себебі, заман бүгінгі кітапханаларға осындай талап қоюда, өйткені олар негізгі ақпарат орталықтарына айналуда.

Қазіргі кезде, жастардың өскелең талабын қанағаттандырып, оларды рухани байытып, ой-өрісін дамытуда, жоғары эстетикалық талғамын қалыптастырып, оқырманның қызығушылығын арттыруда кітапхананың орны ерекше.

Кітапхана оқырмандарға жаңа дәуірде, жаңа дәстүрде қызмет етіп, жұмыс саласында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, қызмет көрсетеді, заманның ағымына ілесе отырып, көп салалы толыққанды ақпараттармен оқырманды қамтамасыз етеді.

- Президент Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайын айтылған Жолдауы, Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам», «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты Жолдауларын мемлекеттік идеяларымен басқа да үкіметтің ресми құжаттарын насихаттау;

-Қазақ хандығына 550 жыл, Ұлы Отан соғысына 70 жыл, Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл, Қазақстан халқы Асссамблеясына 20 жыл толуына байланысты іс-шаралар өткізу арқылы жастарды еліміздің Ата заңын, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге тәрбиелеу;

- Осы заманғы ғылым, білім мен мәдениеттің қайнар көзі, орны толмас құнды рухани, мәдени, экономикалық және әлеуметтік қазына болып табылатын мәдени халықтық мұраларды қорғау, ел тарихына байланысты жәдігерлерді сақтау, солар арқылы өскелең ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелеу, елдің тарихын білуге тартуға бағытталған «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыруға осы бағдарлама аясында жарыққа шыққан басылымдарды насихаттау арқылы үлес қосу;

- «Жамбыл облысы: адамдар, оқиғалар, фактілер» жобамен жұмысты жалғастырып, өлкетану әдебиеттерін насихаттауда жұмыстың жаңа үлгілерін енгізу;

- ҚР халқының мәдениетін, дәстүрлерін насихаттауға, жастарды толлеранттық, рухани бірлік рухында тәрбиелеуге үлес қосу;

-Іс-шараларды жоспарлауда патриоттық (өз халқының тарихы, мемлекеттік мерекелер, мерейтойлық күндер), адамгершілік (ұрпақтар байланысы, дәстүрлер мен мәдениетке құрмет), құқықтық (діни экстремизм, адамдар саудасы, сыбайластық жемқорлықпен күрес) тәрбиені ескеру;

- осы заманғы қоғамда салауатты өмір салтымен рухани байлықтың үстемділігіне айрықша маңыз беру;

- оқырмандар арасында «Бір ел - бір кітап» жыл сайынғы акция аясында қазақ әдебиетіндегі классикалық туындыларын насихаттау;

- жұмыстың жаңа инновациялық түрлерін пайдалана отырып «Жас саясаткер» клубының жұмысын жандандыру;

Оқу залы секторы осы бағыттарды ескере отырып алдына қойған міндеттері:



- оқырмандардың білімін арттыратын, қабілеттілігін өсіретін, патриоттық рухын, азаматтық борышын, Отанға деген сүйіспеншілігін оятатын, Отан тарихымен, еліміздің салт-дәстүрімен таныстыратын, салауатты өмір салтын ұстауға шақыратын, мәдени, рухани, кәсіби белсенділігін арттыратын, өз елінің тілін терең игеруге жол беретін, жастарды әлеуметтік және саяси білім беретін әдебиеттерді насихаттау .





Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3


База данных защищена авторским правом ©nedocs.ru 2017
обратиться к администрации

    Главная страница