1 бөлім. Өндірістік орынның параметрлерін бақылау жүйесі



страница1/24
Дата15.05.2019
Размер3.84 Mb.
Название файладиплом.docx
ТипДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Аңдатпа

Дипломдық жобасында өндірістік орынның параметрлерін бақылау жүйесін жасау үшін сымсыз технологияларды қолдану мен іске асыру мүмкіндіктері қарастырылған. Жобаның есептерін шешуге ZigBee сымсыз технологиясы таңдалынып, NI LabView 2011 бағдарламалық ортасында бақылау жүйесінің интерфейсі жасалынған.

Техника – экономикалық бөлімінде желінің ұйымдастыруына бөлінетін капиталдық шығындарын есептеу жүргізілген. Одан басқа, өміртіршілік пен еңбек қауіпсіздігі мәселелері қарастырылған.


Аннотация
В дипломной работе рассмотрена возможность применения и реализация беспроводных технологии в системе контроля параметров в производственных помещениях. Для решения задач в проекте выбран беспроводная технология ZigBee и разработан интерфейс системы контроля в программной среде NI LabView 2011.

В технико – экономической части был составлен расчет капитальных затрат на построение сети. Кроме того, были рассмотрены вопросы безопасности труда и жизнедеятельности.



Мазмұны

Кіріспе

7

1 бөлім. Өндірістік орынның параметрлерін бақылау жүйесі

8

1.1 Микроклимат параметрлерін бақылау жүйесі

8

    1. Өрт қауіпсіздік жүйесі

9

2 бөлім. Сигналдарды сымсыз технологиялар арқылы жіберу

11

    1. WPAN желісі және IEEE 802.15.4 стандарттары

13

      1. Желі хаттамасының құрылымы

16

2.1.2 Желіні құру және жұмыс істеу принципі

19

    1. Zigbee сымсыз технологиясын өндірістік орынның параметрлерін бақылау жүйесіне қолдану

25

      1. Параметрлерді өлшеу құрылғыларын таңдау

31

2.3 Есептеу бөлімі

32

2.3.1 Сигналдың әрекет ету аймағын есептеу

34

2.3.2 Шуды есептеу

38

2.3.3 Желілердің жоғалуын есептеу

39

2.4 LabView графикалық программалау ортасының сипаттамасы мен жұмыстың жасалуы

41

2.5 NI LabView 2011 графикалық программалау ортасында өндірістік орынның параметрлерін бақылау жүйесінің интерфейсін жасау

44

  1. бөлім. Өміртіршілік қауіпсіздік бөлімі

47

    1. Жарықтандыру

48

    1. Ауа тазарту және желдету жүйелерін есептеу

52

3.2.1Желдеткішті таңдау

55

3.3 Өрт қауіпсіздігі

55

  1. бөлім. Техника – экономикалық бөлімі

57

    1. Жоба мазмұны

57

    1. Өндірістік жоспар

58

    1. Инвестициялық шығынды есептеу

59

Қорытынды

63

Қолданылған әдебиеттер

64

Қосымша А

65


Кіріспе
Барлық жүйелерді құрудың мақсаты әртүрлі қолданбалы облыстарда сыммен байланысқан байланыс сымдарының орнына сымсыз арналарды қолдану болып табылады. Әсіресе, желідегі құрылғылар санын жүздеген және мыңдаған болатын мәліметтерді жинау, автоматтандыру және басқарудың таратылған жүйесінің сымсыз байланысқа өту сұрағы маңызды болып отыр.

Сымсыз желілер көптеген қолданушылар мен жасап шығарушыларды өзінің пайда болғанынан бастап, сымды желілермен салыстырғандағы артықшылығымен қызықтыруда. Ол икемді құрылысы мен монтаж жасау кезіндегі шығынының аздығымен ерекшелінеді. Кейбір жағдайларда технологиялық және ұйымдастырушылық себептерінен аралық сымды байланыс мүлдем болмауы мүмкін. Бұл жағдайда сымсыз байланыс көптеген мәселелерді шешеді. Сондықтан мәліметтерді жіберудің сымсыз жүйесі көптеген мәселелерді шешу үшін қолдануға өте ыңғайлы.

Сымсыз жүйелерді тәжірибеде қолдану көптеген уақыт бойы сымды байланыспен салыстырғанда радиоарнаның сенімділігінің төмендігінен, бағасының қымбаттылығы мен элементті базаның энергия тұтынуы жоғары болуынан, сонымен қатар орнату нысанында жүйені орнату мен жүктеуінің күрделілігінен қиын болды. Қазіргі кезде мәліметтерді жинау, автоматтандыру және басқару сымсыз жүйелері кіші аумақта жұмыс жасайтын және нарықта микросұлбалар, радиомодульдер мен модемдердің жиынтығы пайда болудан және де басқарудың және мәліметтерді жіберудің стандартты хаттамалары қамтылған бағдарламалық қамтамасыздандырудың дамытылған сымсыз желі технологиясының арқасында іске асты.

Қазіргі таңда «тұрмыста» біз радиоарна арқылы сымсыз байланыстың кемінде үш түрін қолданамыз: GSM телефонға арналған, үйдегі немесе офистік желі үшін Wi-Fi және құрылғылар мен периферияларды қосу үшін Bluetooth. Бірақ бұл стандарттар жиынтығы барлық желілік мәселелерді шеше алмайды. Сондықтан қолданушылардың сұранысына көптеген альтернативті айрықшалар пайда болады. Соның бірі – IEEE 802.15.4 және соған байланысты ZigBee стандарты таңдалынған.

Дипломдық жобада өндірістік орынның параметрлерін бақылау үшін 802.15.4 стандартының ZigBee технологиясы микроклимат және төтенше жағдайларға қолдану мүмкіндігі қарастырылады.

Жобада келесі қойылған есептерді шешу қарастырылған:



  1. өндірістік орынның бақыланатын параметрлерін анықтау;

  2. сигналдарды жіберудің сымсыз технологияларының талдауын жасау;

  3. параметрлерді өлшеу құрылғыларын таңдау;

  4. LabView графикалық бағдарламалау ортасымен танысу;

  5. LabView графикалық бағдарламалау ортасында өндірістік орынның параметрлерді бақылау жүйесінің интерфейсін жасау;

  6. өміртіршілік қауіпсіздік бөлімінің есептерін қарастыру;

  7. техника – экономикалық бөлімінде капиталдық шығындарды есептеу.



Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


База данных защищена авторским правом ©nedocs.ru 2017
обратиться к администрации

    Главная страница